Астанада АҚШ-қа виза алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Оңтүстік Кореяға виза рәсімдеп беремін деп бірнеше азаматты алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған 35 жастағы әйел адамды ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азаматтарды оңай жолмен шетелге шығарып беремін деп сендіріп, 6 эпизод бойынша алаяқтық әрекетке барған. Ол уәде етілген қызметі үшін түрлі сомада ақша алып, кейіннен байланысқа шықпай қойған. Тәртіп сақшыларының дерегінше, күдікті өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген шығын сомасы шамамен 3 млн тг құрады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды шетелге шығуға көмектесемін дейтін жеке тұлғаларға сене бермеуге, кез келген ұсынысты тексеріп, ресми лицензиясы бар мекемелермен ғана жұмыс жасауға, күмән туындаған жағдайда бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1165467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді