Ата Заң – жарқын болашақ кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін №3 колледжінің оқытушылар құрамына еліміздің жаңартылған Конституциясының негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Шара барысында жаңа құжаттың мемлекетіміздің болашақ даму бағытына тигізетін әсері мен маңызды реформалар талқыланды.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның тек заңдар жинағы емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісім екені айтылды. Жүргізіліп жатқан реформалар «Әділетті Қазақстан» құру идеясының заңды жалғасы болып табылады.
Жиынға қатысушыларға «Жауапты патриотизм» тұжырымдамасы ерекше түсіндірілді. Бұл ұғым жай ғана ұран емес, ол нақты істерден көрініс табуы тиіс.
Кездесу соңында колледж ұжымы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар Ата Заң ережелерін сақтау — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін бірауыздан қолдады.
Болашақ бүгіннен басталады, ал оның іргетасы — біздің Ата Заңымыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1165196?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді