
Қасиетті Рамазан айында ауызашар дәстүрі адамдарды біріктіріп, туыстық және көршілік қарым-қатынастарды нығайтады, қайырымдылық пен мейірімділікке үндейді. Алайда бұл кезеңде, әсіресе тағамды көп көлемде дайындау және жаппай ауызашар ұйымдастыру кезінде, тағамнан улану қаупі арта түседі.
Алдын алу үшін санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет:
* тағам дайындау алдында қолды сабынмен мұқият жуу
* тек жаңа әрі сапалы өнімдерді пайдалану
* ет және тез бұзылатын тағамдарды толық термиялық өңдеу
* шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау
* дайын тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау
* қалған тағамды міндетті түрде тоңазытқышта сақтау
Қоғамдық ауызашар ұйымдастыру кезінде:
* тағамның дайындалу және тасымалдану жағдайына назар аудару
* жеке гигиена талаптарын сақтау
* балаларға, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіз жандарға арналған тағам қауіпсіздігін күшейту
Есте сақтаңыз:
Ауызашар — бірлік пен мейірімділіктің белгісі. Бұл игі дәстүр халық денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс.
Тазалық — берекелі әрі қауіпсіз Рамазанның кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1164858?lang=kk

Жауап қалдыру