БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ЖҰМСАЛАТЫН РЕСУРС — БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ЖҰМСАЛАТЫН РЕСУРС — БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе» жалпы білім беретін мектепте ұстаздармен кездесті. Жүздесуде коалиция мүшелері Бақдаулет Құрманбеков, Бостандық Жәкей, Бақытжан Бекбосын, Ғалымжан Зиябек және Есенғали Бөлебай жаңа Конституция жобасының жаңалықтарын жеткізіп, білім саласына енгізілетін оңды өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.
Коалиция мүшелерінің сөзіне сүйенсек, жаңа Конституция жобасында білім саласына ерекше мән беріліп отыр. Құжатта білім мен ғылым ел дамуының стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырылып, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені айқын көрініс тапқан. Бұл — қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
«Жоба азаматтардың тегін орта білім алу құқығын сақтай отырып, жоғары білімге тең мүмкіндіктер жасауға негіз болады. Сонымен қатар мұғалімдердің құқықтарын қорғау, педагог мәртебесін нығайту, білім беру сапасын арттыру және заманауи мектеп инфрақұрылымын дамыту бағыттары қолдау табуда. Бұл — мектеп пен ұстаз беделін көтеруге жол ашады. Білім саласын дамытуға жұмсалатын ресурс — болашаққа бағытталған инвестиция. Сондықтан аталған бастамалар елдің тұрақты дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және мұғалім еңбегінің лайықты бағалануына қызмет етеді деп сенемін», – деді Бостандық Жакей кездесуде.
Айта кетейік, коалиция өкілдері бұдан кейін де аудан аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1165162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді