«E-otinish» – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына түскен жолданымдар бойынша туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп»қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының өкілдерінің қатысуымен «E-otinish» – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына түскен жолданымдар бойынша туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған семинар өткізілді. Іс-шара барысында өтініштерді қабылдау және қарау тәртібі, мерзімдерінің сақталуы, жолданымдарды тіркеу мен өңдеу кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1164786?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді