ЕҚЫҰ ДИАҚБ Қазақстандағы конституциялық реформаларға терең қызығушылық танытты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вена, 2026 жылғы 18 ақпан – ҚР Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді.

Елші алдағы ү.ж. 15 наурызында өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумды байқауға қатысуға дайын болғаны үшін БДИПЧ-ке алғысын білдірді. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат беріп, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қазақстандағы мемлекеттік басқару моделін кешенді жаңғырту болып табылатынын және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған жүйелі саяси реформалардың логикалық жалғасы екенін атап өтті.

М.Тілеуберді Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары Конституциялық комиссия тарапынан толықтай ашық форматта, азаматтық қоғамның, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының кең қатысуымен жүргізілгенін атап өтті.

Директор Телалиан қазақстандық тарапқа ашықтық танытқаны және конструктивті диалогқа дайын болғаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол ү.ж. Астанаға алғашқы сапарын жүзеге асыру ниетін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1164761?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді