Есірткі құралдары мен өзге де тыйым салынған заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Жетісу облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД №71 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлерімен бірлесіп «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне есірткі құралдары мен тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ олардың жеткізу арналарының жолын кесу. Жүргізілген жұмыс қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және жолын кесуге бағытталды.
Іс-шара барысында аумақтарды, ғимараттарды, сәлемдемелер мен жеке заттарды жан-жақты тексеруге ерекше назар аударылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру иттері маңызды рөл атқарды. Олар тыйым салынған заттарды жасырын түрде әкелудің мұқият ойластырылған тәсілдері қолданылған жағдайда да жедел анықтауға қабілетті.
Мұндай профилактикалық шаралар жүйелі түрде өткізіліп, режимдік нысандарға есірткі құралдарының заңсыз өту әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Әртүрлі бөлімшелердің өзара іс-қимылы мен тұрақты бақылау тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына сенімді тосқауыл қалыптастырады.
«Есірткі — бір адамның ғана денсаулығы мен тағдырын емес, тұтас бір ұрпақ пен мемлекеттің болашағын бұзатын кесел».
Жетісу облысы құқық қорғау органдары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтарды есірткі құралдарының таралуына байланысты қауіптерден қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.
#законипорядок #заңментәртіп
#есірткігежолжоқ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1165345?lang=kk

Жауап қалдыру