Есірткіге қарсы іс-қимыл: Шымкентте түзеу мекемесінде тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерімен бірлесіп №54 мекемеде профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қызметтік-іздестіру иті қолданылды. Негізгі мақсат – тыйым салынған заттардың заңсыз айналымының алдын алу және оларды түзеу мекемелеріне жеткізу әрекеттеріне жол бермеу.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ескертеді: есірткі заттарын таратуға бағытталған кез келген заңсыз әрекеттер үшін заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1165647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді