Этика және Заң тиімді әкімшілік процедуралардың негізі ретінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18-19 ақпанда Департамент басшысының Әдеп жөніндегі уәкіл орынбасары Б. И. Баймұхаметовтың төрағалығымен Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Департамент және аумақтық басқармалар мамандарының қатысуымен оқыту семинарын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету және қызметтік тәртіпті нығайту болды.

Семинар барысында қызметтік тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қолдану, талап-арыз жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері егжей-тегжейлі қаралып, талқыланды.

ӘРПК енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, шағымдарды беру және қарау тәртібіне, әкімшілік актілерге шағымдану рәсіміне қатысты мәселелер түсіндірілді.

Семинарға қатысушылар практикалық жағдайларды талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама нормаларын қолдану тәжірибесімен алмасты.

Семинар қорытындысы бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, өтініштерді уақтылы және сапалы қарау, сондай-ақ әкімшілік істерді қарау және құқықтық актілерді дайындау кезінде процестік бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

 

         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1165356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді