
18 ақпан Көктөбе және Қандөз ауылдарында Жаңа Конституция жобасына арналған маңызды кездесу өтті.
Республикалық коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Мурат Абенов және аудандық коалиция мүшелері Жарқынбек Ғалымжан, Арман Мажитов, Өмірсерік Тақырбасов, Серхожа Идирисов Қандөз және Көктөбе ауылдарында жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды талқылау болды. Бұл құжат әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей ықпал ететін маңызды құқықтық тірек. Сол себепті де аумақтық коалиция өкілдері оның мәнін жан-жақты түсіндіріп, қоғамға әкелетін стратегиялық артықшылықтарын ортаға салынды.
Кездесу барысында жаңартылған Конституцияның әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететіні, құқықтық реформалардың ел дамуына, әділ сот төрелігіне және азаматтардың қорғалуына қызмет ететіні қарапайым әрі нақты тілмен жеткізілді. Қатысушылар цифрландыру, сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіру, ұлттық мүдде мен әділдік қағидаларын нығайту бағытындағы жаңа бастамаларды тыңдады.
Жаңа Конституция – қоғамдағы теңдікті сақтау, әр азаматтың құқығын қорғау және әділ мемлекет құру жолындағы сенімді тірек.
Құқық – әр адамның қорғанысы, ал Конституция – халықтың үні.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1164962?lang=kk

Жауап қалдыру