Интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Аталған шаралар тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда және сауда нүктелерінде қарқынды түрде ұйымдастырылуда.

Полицейлер интернет-алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдерін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нақты кеңестер жазылған арнайы ақпараттық тақтайшаларды қоғамдық орындар мен дүкендерге орналастырды.

Аталған бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырып отырған Сауран аудандық полиция бөлімі интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырып, тұрғындардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейте беретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді