
2026 жылғы 17 ақпанда Исатай ауданы әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Ж.Ермеккалиева және бас маман М.Губайдуллин қатысты. Күн тәртібінде: «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның және «GRWORLD» ЖШС-нің Исатай ауданында жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек ұжымдары арасындағы еңбек дауларын болдырмау, еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, ұжымдық шарттың жасақталуы, жалақы мөлшерін көтеру, жұмыскердің жұмыстан негізсіз қысқартылуына жол бермеу, жалақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың (МӘМС) уақытылы және толық төленуі туралы қаралды. Комиссия мүшелері аудандағы кәсіпорындарда еңбек құқықтарының қорғалуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берді. Жиын қорытындысы бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «GRWORLD» ЖШС-не бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1165053?lang=kk

Жауап қалдыру