Конституциялық реформа және халықаралық қаржы ұйымдарымен инвестициялық климатты жақсарту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – СЖРА төрағасы Әсет Ерғалиевтің төрағалығымен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен Zoom – конференция форматында кездесу өтті. 

Шараға Азия даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі және Дүниежүзілік банк тобы өкілдері қатысты.

Кездесу басында Әсет Ерғалиев Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді. 

Сондай-ақ жиында инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту бағыттары қаралды. Ұсынылған бастамаларды одан әрі пысықтау және тиісті көрсеткіштерді талдау үшін жеке сараптамалық кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Тараптар институционалдық тұрақтылықты нығайтуға, реттеушілік болжамдылықты арттыруға және Қазақстан Республикасының экономикасына сапалы инвестициялар тартуға бағытталған тиімді әрі нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1165682?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді