
Меркі ауданы ТЖБ және Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Меркі жолаушылар ғимаратында өрт-тактикалық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – нысанда туындауы мүмкін өрт жағдайында жеке құрамның жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру, күш пен құралдарды тиімді пайдалану, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәртібін пысықтау. Сабақ барысында шартты өрт шығу сценарийі беріліп, бөлім қызметкерлері шақырту орнына жедел жету, барлау жүргізу, өрт ошағын анықтау, зардап шеккендерді құтқару және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша іс-қимылдарын көрсетті. Сонымен қатар, ғимарат әкімшілігімен бірлесіп эвакуациялау жолдары мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Өрт-тактикалық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттар толық орындалды. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1165063?lang=kk

Жауап қалдыру