Оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі үлестес тұлғалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестес тұлғалар болып мыналар танылады:

 борышкердің немесе кредитордың акционері, құрылтайшысы (қатысушысы);

 дара кәсіпкер – борышкердің, сондай-ақ заңда көрсетілген өзге де тұлғалардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;

 шарт негізінде борышкер қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы, рәсімдерге қатысушымен байланысты тұлға;

 оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушының лауазымды адамдары;

 рәсімге қатысушы акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар заңды тұлға;

 рәсімге қатысушымен бірге үшінші тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;

 ҚР заңнамасына сәйкес немесе сот шешімімен үлестес деп танылған өзге де тұлғалар.

 Үлестес тұлғаларды айқындау банкроттық рәсімдерінде мәмілелерді талдау, өзара байланыстарды бақылау және кредиторлардың мүдделерін қорғау үшін маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1165014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді