
Осакаров ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің ауданның қоғамдық пікір көшбасшыларымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған реформалардың негізгі бағыттары, олардың мемлекетті одан әрі дамытудағы, әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы және қоғамдық диалогты жетілдірудегі маңызы жан-жақты түсіндірілді. Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Диалог сындарлы жағдайда өтіп, елдің қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері бойынша ой алмасуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1164922?lang=kk

Жауап қалдыру