
Жиынға Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев қатысып, ал өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама басқарма басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина жасады.
Баяндамашы өңірдегі қызылшаға қатысты ахуал мен вакцинациялау көрсеткіштеріне тоқталып, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – уақытылы екпе алу екенін атап өтті. Әсіресе, 1 және 6 жастағы балаларды қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы профилактикалық екпемен толық қамту маңызды екені айтылды.
Облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов жауапты мекемелерге эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейтуді, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерімен бірге білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды медициналық сауаттылық танытып, уақытылы вакцина алуға шақырады. Вакцинация – өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаудың сенімді жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1164886?lang=kk

Жауап қалдыру