Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес – құқықтық мемлекет жағдайында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің институты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймұратұлының төрағалығымен «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес – құқықтық мемлекет жағдайында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.
Шара барысында Конституциялық реформаның маңызы, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нақтылау және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер кеңінен талқыланды.
Жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1165183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді