Полицейлер тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу мақсатында брошюра таратты 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алаяқтық қылмыстардан сақтандыру мақсатында халық көп шоғырланған орындарда – сауда орталықтары, дүкендер, дәмханалар, тұрғын үйлер мен автокөліктерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдері туралы брошюралар таратып, тұрғындарға кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар азаматтарға жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сақ болу және телефонға келген кодтарды ешкімге айтпау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді