
Бүгін Бестамақ ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар басталды.
Қар тазалау және сыртқа шығару жұмыстары ең алдымен Алға көшесінен бастау алды. Арнайы техникалардың көмегімен көше бойында жиналған қалың қар аршылып, ауыл сыртына тасымалдануда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта ауылдың басқа да көшелерінде кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1165671?lang=kk

Жауап қалдыру