
Қонаев қаласында «Smart City» жүйесін дамыту
Жыл сайынғы «Smart City» енгізу деңгейін бағалау нәтижесі бойынша Қонаев 75 балл жинап, республикалық мәндегі қалалар мен облыс орталықтары арасында 14-орынға ие болды. Бұл қаладағы қалалық процестерді цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу жұмыстарының көрсеткіші.
Алайда, ЖКХ бағытында соңғы баллға әсер еткен факторлар анықталды. Әсіресе, су және жылу есептегіштерінен деректерді автоматты жинау және мониторинг жүйесінің жоқтығы байқалды.
Диспетчеризация жүйесін енгізу есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты жинауға және жіберуге, коммуналдық ресурстарды тиімді басқаруға және «Smart City» рейтингіндегі қаланың позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.
Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында телекоммуникация саласында 33 жылдық тәжірибесі бар, барлық қажетті лицензиялары мен сертификаттары бар АО «ASTEL»-дің ұсынысы қаралды. Жобаны іске асыру ЖКХ цифрландыру деңгейін арттырып, қала инфрақұрылымын басқарудың тиімділігін жоғарылатып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-tehnologiya/press/news/details/1165509?lang=kk

Жауап қалдыру