ҚОС БІРДЕЙ АУДАН ТУМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚОС БІРДЕЙ АУДАН ТУМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Күні кеше Ақордада UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында Қазақстан құрамасының сапында жүлделі орын иеленген командаларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды құттықтап, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік рухы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырғанын атап өтті.

Аталған жарыста ерлік пен жоғары кәсібилік көрсеткен бірқатар әскери қызметшілер «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Олардың қатарында ауданымыздың тумалары Балнұр Қиялбекова мен Әміржан Әділжан Мұхамеджанұлы бар.

Балнұр Қиялбекова – Қызылшаруа ауылының тумасы, дзюдо және самбо спорт түрлерінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі таңда ол «Томирис» әйелдер арнайы жасағының мүшесі, СОБР бөлімшесінің командирі қызметін атқарады.

Ал Әміржан Әділжан Мұхамеджанұлы Каменка ауылында дүниеге келген, Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің түлегі. Бүгінде ол халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғап жүр.

Жерлестерімізді құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1165439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді