ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов ҚР мемлекеттік қызмет істері агентінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе азаматша арызы негізінде жеке қабылдау жүргізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі (бұдан әрі – Өкіл) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Жанысбекпен және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары К. Тұрлыбековпен бірлесе отырып, азаматшаның арызы негізінде жеке қабылдау жүргізді.
Жеке қабылдау барысында Өкіл азаматтардың уәждерін тыңдап, олардың көтерген мәселелерін зерделеді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдалана алатын заңда көзделген тәсілдер мен құралдар түсіндірілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға заңнама шеңберінде қарау және шара қабылдау жөнінде ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1164946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді