
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен кешірімнің, ізгілік пен қайырымдылықтың айы. Бұл қасиетті кезең адам баласын жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, бірлік пен татулықты нығайтуға үндейді.
Ораза айында әр шаңыраққа береке мен тыныштық, әр отбасыға амандық пен қуаныш тілеймін. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болып, жүректеріңізге иман нұры ұяласын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!
Құрметпен: аудан әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1165125?lang=kk

Жауап қалдыру