
2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында №454 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі, 71-үй.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Санкт-Петербургтегі учаскеде дауыс беруді жоспарлап отырған сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін электрондық поштаға kazconspb@mail.ru келесі мәліметтер жіберу туралы өтініш: Тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, Ресейдегі тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1165709?lang=kk

Жауап қалдыру