РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті отандастар!

2026 жылғы 15 наурызда Берлин қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №411 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қабылдау мәселесі бойынша Республикалық референдум өтеді.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 11 ақпанда қол қойды.

Германиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №411 учаскесінде 18 жасқа толған және Берлин, Бранденбург, Мекленбург – Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт федералдық жерлерінде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.

№411 референдум учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне konsulberlin@mfa.kz электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.

Референдум күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 (030) 47007160/161 телефоны немесе konsulberlin@mfa.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің мекенжайы: Nordendstraße 14–17, 13156 Berlin

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1165705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді