
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 405 референдум учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Сіздің референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу.
№ 405 учаскедегі референдумға қатысушылар тізіміне Бельгия және Люксембург аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, жарамды Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Құрметті азаматтар!
Референдумға қатысушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум 2026» деген белгімен Brussels@mfa.kz, consul.brussels@mfa.kz электрондық пошталарына жолдауларыңызды сұраймыз.
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +32 2 373 38 90, +32 497 03 24 28.
Сіздерді референдумға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1165612?lang=kk

Жауап қалдыру