
Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс, алпыс екінші сессиясы өтті
2026 жылғы 19 ақпанда сағат 10:20-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс екінші сессиясы өттіі.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
- Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының шекараларын белгілеу туралы;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің ауылдарының шекараларын белгілеу туралы;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің ауылдарының шекараларын белгілеу туралы;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы;
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы.
Кезектен тыс, сессия отырысына аудан әкімі Ж.Мұртаза және тісті мекеме басшылары қатысты.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1165076?lang=kk

Жауап қалдыру