
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқыны қаупі кезеңінде жедел әрекет ету үшін азаматтық қорғау күштері мен құралдарының шамамен 3700 адамнан тұратын топтамасы жасақталды. Сонымен қатар 240-қа жуық мотопомпа, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 75 жүзу құралы және 500-ден астам техника дайындалды. 58,7 мың дана қап, 9957 тонна инертті материал және 386 тоннадан астам жанар-жағармай қоры әзірленді.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 258 мың текше метрден астам қарды сыртқа шығарды. Су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
ТЖМ тұрғындарға көктемгі кезеңге алдын ала дайындалуды ұсынады: аула аумағын қардан тазарту, арықтар мен су ағатын каналдарды мұздан аршу — бұл еріген судың кедергісіз ағуына мүмкіндік береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1165713?lang=kk

Жауап қалдыру