Спорттық клубтағы кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Орда» спорт клубында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында спортшылармен кездесу ұйымдастырылды.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ел дамуына қосар үлесі және білім беру саласына қатысты жаңашыл тұстары кеңінен талқыланды. Қатысушылар заң үстемдігі, әділдік қағидаттары, педагог мәртебесі және жас ұрпақтың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Коалиция өкілдері білім мен тәрбие – мемлекет болашағының берік негізі екенін атап өтіп, ұстаздар қауымының қоғамдағы орны ерекше екенін жеткізді. Сонымен қатар, спорт саласының дамуы, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауыл жастарының әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалар сөз болды.

Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ спорт арқылы тәртіп пен жауапкершілікті нығайту мәселелері қозғалды. Спортшылар тарапынан да өзекті ұсыныстар айтылып, ауыл жастары үшін сапалы білім мен кәсіби бағдар беру мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1165230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді