Түркістан облысында профилактикалық кабинеттер ашылуда 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтарға кешенді көмек көрсетуге бағытталған профилактикалық кабинеттер ашылуда. Профилактикалық кабинет бұл ведомствоаралық өзара іс-қимыл алаңы.

Мұнда психологтар, наркологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да сала мамандары тұрғындармен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Кабинеттерде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, маскүнемдік, девиантты мінез-құлық пен буллингтің алдын алуға бағытталған мекенжайлы профилактикалық шаралар жүзеге асырылады.

Әсіресе отбасылық орта мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа форматтағы жұмыстың нәтижесі де байқалуда: отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 17 тұрғынға қатысты профилактикалық шаралар қабылданып, қорғау нұсқамалары шығарылды.

Сонымен қатар 28 тұрғын профилактикалық есепке алынып, олармен жүйелі түрде түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық кабинеттердің ашылуы Қазақстан Республикасының “Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы” Заңын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және заңдылық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165327?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді