ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Сарыағаш аудандық мәслихатының «Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді.
 
Отырыстың күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Атап айтқанда, Дарбаза ауылдық округінде Ердәуіт темір жолы станциясы салынуына байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына келісім беру мәселесі талқыланды.
 
Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды жан-жақты қарап, тиісті баяндамаларды тыңдап, пікір алмасты.
Қарау нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданып, орындауға жолданды.
 
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1165692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді