Үш күнде 500-ден астам профилактикалық іс-шара: ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үш күнде 500-ден астам профилактикалық іс-шара: ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілуде

Ағымдағы жылдың 15–22 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қайталама құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған «Тұрмыс» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дағдарыс орталықтарының және жұртшылықтың өкілдерімен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ тәуекел тобына жататын азаматтарға көмек көрсету бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

ЖПІШ өткізілген үш күннің қорытындысы бойынша аралық нәтижелер шығарылды. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 859 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Қосымша 58 қорғау нұсқамасы шығарылып, сот шешімімен 21 ерекше талап белгіленді.

Жалпы саны 531 профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім тұлғалармен жеке профилактикалық әңгімелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер және дағдарыс орталықтарындағы азаматтармен жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс алдын алу шараларын күшейтуге, қауіп факторларын дер кезінде анықтауға және отбасындағы жанжалдардың ушығуына жол бермеуге бағытталған.

Жедел профилактикалық іс-шара жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1165319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді