
Жезқазғандағы учаскелік полиция инспекторлары күнделікті профилактикалық жұмыс арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта Жезқазған қаласы полиция басқармасының №7 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары күнделікті қызметтік аумақты аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Кезекті тексеру барысында инспекторлар заңсыз салынған граффити жазбаларын жойып, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексерді. Сонымен қатар тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде түсіндіру жұмыстарын өткізді. Учаскелік полиция инспекторларының күнделікті еңбегі көбіне көзге көріне бермейді. Дегенмен дәл осы тұрақты бақылау мен алдын алу шаралары қаладағы тұрақтылық пен тәртіптің сақталуына негіз болады. Қауіпсіз орта қалыптастыру – тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1165590?lang=kk

Жауап қалдыру