
Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаеваның төрағалығымен Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары өтті.
Департамент басшысының орынбасары А.Сагимбаева «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі» ҚР Заңы, ҚР Әдеп кодексінің талапарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қызмет атқару барысында моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылуына байланысты, мемлекеттік қызметшілер азаматтарға ғана емес, өз әріптестеріне де дұрыс көз-қараспен және құрметпен, сыйластықпен қарауды, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуіне, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауына, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану керектігі жөнінде және «Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу» Қағидалары бекітілгендігі және Осы Қағидаларға сәйкес «уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті жүзеге асыратындығын атап өтті.
Сонымен қатар, Департаменттің бас маманы Д.Бектұрсынов «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің облыстық іс-шаралар жоспарымен таныстырып, еңбек тәртібіне қатысты баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1165073?lang=kk

Жауап қалдыру