Жаңа Конституцияның негізгі ережелері, оның елдің дамуы үшін стратегиялық маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заңның үстемдігін нығайту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы басымдықтар түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы тұрғындарымен «Нова Цинк» ЖШС бас директорының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Р.Әбдікеров, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ басшысы Т.Абылаев, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің оқытушысы, профессор А.Турлаев Андрей, Алматы ашық әдеби мектебінің жаңашыл поэзия курсының оқытушысы С.Қайырбек арнайы келіп кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері, оның ел дамуы үшін стратегиялық маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заң үстемдігін нығайту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы басымдықтары жан-жақты түсіндірілді.
Тұрғындармен кездесу барысында өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1165218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді