Жастар арасында ішкі істер органдарына қызығушылықты арттыру шарасы өтті 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында жастар арасында ішкі істер органдарына қызығушылықты арттыру шарасы өтті. Түркістанда “Балалар жылы” аясында жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ішкі істер органдарының қызметімен таныстыру мақсатында Сауран аудандық полиция бөлімінде тәрбиелік мәні бар кездесу ұйымдастырылды.

Оған бөлім бастығының орынбасарлары Данияр Түймебаев пен Тимур Рустемов қатысып, оқушыларға полиция қызметінің негізгі бағыттары мен күнделікті жұмыс тәртібін таныстырды.

Кездесу барысында оқушыларға ішкі істер органдарының міндеттері, қызмет ерекшеліктері, құқық қорғау саласындағы жауапкершілік, сондай-ақ ІІО оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1165261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді