ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Брифинг спикері: Каримов Данияр Сергеевич – «Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының м.а

2025 жылы ауданда 31 мәдениет мекемесі жұмыс істеді. 1 нысанға күрделі, 5 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, Қызылсу ауылдық мәдениет және спорт үйі мен Көктау ауылдық клубы пайдалануға берілді.

Кітапхана қоры 1647 жаңа кітаппен толықтырылып, 3473 құжат цифрландырылды. Музейде 492 экскурсия, 37 көрме өткізіліп, 8987 адам қамтылды.

 Архив саласында 1 млн-нан астам парақ сандық форматқа көшіріліп, 1059 әлеуметтік-құқықтық сұраныс қаралды.

Мемлекеттік тілдегі құжат айналым үлесі 98%-ды құрады.

Спорт саласында Қопа ауылында ангар типтегі спорт кешені, Хромтауда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, FIFA Arena футбол алаңы іске қосылды.

14 спорт түрі бойынша 1170 оқушы тұрақты түрде жаттығуда.

 «Хромтау» футзал клубы Бірінші лигада 10 тур қорытындысы бойынша І орында, «Әлия» волейбол клубы Жоғары лигада жүлделі орынға таласуда.

2026 жылы музей мен архив ғимаратын, бассейн құрылысын аяқтау және ірі мәдени-спорттық жобаларды кеңейту жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1165641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді