🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «QURMET» ЧЕЛЛЕНДЖІ – ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТКЕ БАСТАР ҚАДАМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 «QURMET» челленджі – қоғамда өзара сыйластықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидатын дәріптеуге бағытталған әлеуметтік бастама. Челлендждің негізгі мақсаты – ұлттық тәрбиені жаңғыртып, күнделікті өмірде адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
 
🔹 Бүгін, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әдеп жөніндегі уәкілінің арнайы тапсырмасына сәйкес Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «QURMET» челленджін іске асыру бойынша жиын өткізді.
 
🔹 Жиын барасында Мұрат Сағынұлы «QURMET» челленджі тақырыбында ұйымдастырылып жатқан іс-шара жобасы бойынша қысқаша мәлімет бере отырып, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық түсіндірме беріп өтті.
 
🔹 Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету іс-шарасы бойынша ақпараттық мәліметтер берілді.
 
🔹 Сонымен қатар, Депаратамент қызметкерлеріне Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, іскерлік әдеп пен мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге діни нанымдар туралы бейресми ақпарат таратпауға, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын-алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді қатаң ескертіп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1166296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді