2025 жылдан бастап Қазақстанда «дропперлік» схемаға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дроппер деген кім?
Бұл – банк картасы немесе шотын өзге адамдарға сыйақы үшін беретін адам. Нақтырақ айтқанда, алаяқтарға ақша шығарып алу үшін делдал болатындар.

🚫 Тыйым салынады:
•⁠ ⁠Банк карталарын, шоттарды үшінші тұлғаларға (жақын туыстардан басқа) беру;
•⁠ ⁠Басқа біреудің картасын немесе шотын пайдалану;
•⁠ ⁠Процент алу үшін біреудің ақшасын аударып беру.

⚖️ Жауапкершілік:
•⁠ ⁠Айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
•⁠ ⁠Егер шотқа немесе картаға заңсыз қол жеткізген болса – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу.

📌 Есте сақтаңыз:
•⁠ ⁠Мұндай әрекетке бару – қылмыс жасаумен тең;
•⁠ ⁠Сіздің бостандығыңыз оңай тапқан ақшадан қымбат екенін ұмытпаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166552?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді