
2026 жылғы 20 ақпанда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.
«Шемонаиха ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» мәселе қаралды. Баяндамамен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова сөз сөйледі.
Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өткізіліп, instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды:https://www.instagram.com/reel/DU96l9ADMZQ/?igsh=NDQ0NHZzMG44d2xl

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/1166079?lang=kk

Жауап қалдыру