АБАЙ ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЛАРЫ КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында колледж директорларымен кездесу өтті. Жиынды Абай облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков жүргізді. Басқосуға коалиция мүшелері мен 30-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
 
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен алдағы республикалық референдумның маңызы жан-жақты талқыланды. Мәслихат төрағасы бұл кезеңді ел тарихындағы жауапты белес ретінде атап өтіп, ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
 
Жиында өңірлік коалиция мүшелері өз пікірлерін білдірді. Облыстық мәслихат депутаты Шағангүл Жанаева Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасының сапасына назар аударып, мәтінде мазмұндық тұтастық пен терминологиялық нақтылық сақталғанын атап өтті.
 
Әлихан Бөкейхан университеті проректоры Айрат Базенов жобаның преамбуласына тоқталып, онда әділеттілік, заң үстемдігі, ұлттық бірлік, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік, адам капиталы, білім мен ғылымды дамыту сынды стратегиялық құндылықтар айқындалғанын жеткізді.
 
Коалиция мүшесі Алмас Атмұқаш Жаңа Ата Заң жобасын тарихи шешім ретінде бағалап, құжатта адами капиталға басымдық берілгенін айтса, Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Солтабаева жаңа жобада адам қадір-қасиетін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық, цифрлық деректер қауіпсіздігі, сөз бостандығы, зайырлы білім беру ортасын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағыттары күшейтілгенін айтты. 
 
Кездесуде колледж директорлары да қолдау пікірін білдірді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жаңа Конституция жобасының мазмұнын ұжымдар мен студенттерге түсіндіру бағытындағы ақпараттық жұмысты жүйелі жүргізуге дайын екендерін жеткізді.
 
Жиын соңында референдумға дайындық аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру мәселелері қаралды. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
 
 
 
АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1166593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді