Әскери есепте тұрған азаматтарға шақыру қағаздарын тарату туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13.02.2026 ж.
Рысқұлов ауылдық округінде әскери есепте тұрған азаматтарға шақыру қағаздарын (повестка) тарату жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ маманы заң талаптарына сәйкес әскери міндетті азаматтарға шақыру қағаздарын табыстап, тиісті түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Аталған шара әскери есеп деректерін нақтылау, азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен байланыс мәліметтерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар алдағы әскерге шақыру кезеңіне дайындық аясында жүзеге асырылуда.
Әскери қызмет – әр азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы әрі үлкен жауапкершілігі. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Ауыл жастарына сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke-tryskulov/press/news/details/1166382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді