Алға аудандық «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауында Үшқұдық ауылының намысы қорғалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға аудандық «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауында Үшқұдық ауылының намысы қорғалды

Алға ауданы бойынша өткен дәстүрлі «Жігіт сұлтаны – 2026» аудандық байқауында Үшқұдық ауылдық округі атынан қатысқан Каден Олжас Бекболатұлы бас жүлдені жеңіп алды.

Сайысқа аудан бойынша барлығы 5 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, өз өнерлерін, білімдерін, тапқырлықтары мен сахна мәдениетін көрсетті. Әр кезеңде жігіттердің жан-жақтылығы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуі ерекше бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша Каден Олжас Бекболатұлы өзінің жоғары дайындығы, сахнадағы еркіндігі және өнерлілігімен көзге түсіп, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайық деп танылды.

Бұл жеңіс – Үшқұдық ауылдық округі үшін үлкен мәртебе.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1166243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді