АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында джиу-джитсу бойынша SAMURAI ACADEMY спорт ұйымы балалар үйіне барып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Акцияға ұйымның бас жаттықтырушысы әрі негізін қалаушы Альдияров Альберт Александрович, зейнеткер және іс-шара ұйымдастырушысы Сәдірбай Рахмет, ұйымдастырушы Ақмарал Қанатбаева, аға жаттықтырушы Ginaldo Gomes de Souza, сондай-ақ грэпплингтен (UWW) Әлем кубогының чемпионы, қазақстандық спортшы Любовь Темникова, жаттықтырушы көмекшісі Әбішев Жәнібек Асхатұлы және команда мүшелері қатысты.

Іс-шара қатысушылары Алматы облысы білім басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Кездесу барысында жаттықтырушылар тәрбиеленушілерге шеберлік сағаттарын өткізіп, негізгі әдіс-тәсілдерді үйретті. Сонымен қатар тәртіптілік, жауапкершілік және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өмірлік әрі спорттық кеңестерімен бөлісті.

Ұйым атынан балаларға жас спортшыларға арналған спорттық киімдер, тәттілер мен естелік сыйлықтар табысталды.

Шараға Алматы облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері де қатысып, тәрбиеленушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Олар заң талаптарын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мұндай бастамалар мемлекеттік органдар, спорт қауымдастығы және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, өскелең ұрпақтың бойында заңға, тәртіпке және адамгершілік құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да балаларды қолдауға және өңірде салауатты, қауіпсіз әрі құқықтық ортаны дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1166183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді