Ақтауда әкімшілік іс жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы мен судьялары қатысып, Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне әкімшілік іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында әкімшілік материалдарды рәсімдеу тәртібі, процессуалдық талаптарды сақтау, заң нормаларын дұрыс қолдану, сондай-ақ сот тәжірибесінде кездесетін негізгі кемшіліктер талқыланды.

Кездесуге Әкімшілік полиция басқармасының, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының және Ақтау қаласы ПБ басшы құрамы қатысты.

Аталған шара қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, әкімшілік іс жүргізу сапасын жақсартуға және заң талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді