«Арнайы білім беру ұйымдарының жағдайында ЕББҚ бар балалар үшін жайлы орта құру» облыстық семинар-практикумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» 2026 жылғы 18 ақпанда ШҚО ББ «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Арнайы білім беру ұйымдарының жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жайлы орта құру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Іс-шараға облыстың арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының 40-тан астам педагогі қатысты. Семинарды ШҚО ББ Қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Бошакова Г.О. алғысөзбен ашты. Семинар-практикум барысында ШҚО ББ «Арнайы мектеп» КММ, ШҚО ББ «№ 1 арнайы мектеп-интернаты» КММ және ШҚО ББ «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ мамандары, педагогтері мен тәрбиешілері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құрудың тиімді стратегиялары мен практикалық әдістерін ұсынды. Іс-шара аясында педагогтердің әдістемелік материалдары мен білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, көтерілген мәселелерді тереңірек талқылауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1166263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді