Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Сырым ауданы әкімінің орынбасары Төлепов Қайрат Нұржанұлының қатысуымен Бұлдырты және Жосалы ауылдарында округ әкімдерінің кезекті есеп беру кездесулері өтті. Жиынға бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысып, ауыл халқының өтініш-тілектерін тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар күнделікті өмірге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшылығы әр сұраққа нақты жауап беріп, бірқатар мәселелерді сол жерде тиісті мекемелерге жүктеп, орындалуын бақылауға алатынын атап өтті.
Осындай ашық форматтағы кездесулер жергілікті билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, қордаланған мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Бұл – тұрғындар үшін де, билік үшін де жауапкершілігі жоғары, маңызды диалог алаңы.
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1166067?lang=kk

Жауап қалдыру