
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов, Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек, сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы А. Елшиева тұрғындармен кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік даму мәселелері бойынша есеп берді.
Кездесуге Шымкент қаласының мәслихат депутаттары, салалық басқарма мен департаменттердің басшылары, жергілікті тұрғындар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жоспарлар таныстырылды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, аудан аумағындағы әлеуметтік жобалар, инфрақұрылымдық жұмыстар және тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты маңызды бастамалар талқыланды.
Сонымен қатар, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Бахадыр Мәдәліұлы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум туралы ақпарат беріп, Конституцияның жобасымен таныстырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, тұрғындарды маңызды мемлекеттік бастамалар мен жобалар туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ету болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1166635?lang=kk

Жауап қалдыру