Бүгін Мансап орталығының мамандары Балпық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту шаралары, кәсіпкерлікті қолдау, қысқа мерзімді оқыту курстары және жаңа жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау тетіктері және өз ісін бастау мүмкіндіктері түсіндірілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды. Кездесу ашық әрі тиімді форматта өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1166340?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді